Мұғалімдерді online оқыту бағдарламасының мақсаты.

Сынып жетекшілерді қашықтықтан оқыту әдісі бойынша, біліктілігін арттыру  курсы басталғаннан кейін бір ай өтті, сірә жоқ, дұрысын айтқанда, бір ай өте шықты.

Біреу үшін жаңа білім алудың мұндай форматы таныс болса, біреу үшін жаңа. Біреу жаңа білімге қуанады, ал біреу «құтылу үшін «үйренеді.

Техникалық қана емес, және әлеуметтік сипаттағы көптеген сұрақтар туындайды. Отбасылық Тәрбиелеу институтының қызметкерлері туындаған сұрақтарға тез арада жауап береді және сіздер, біздің қымбатты мұғалімдеріміз курстардан сәтті өтіп, өз біліктілігін арттыру үшін жан-жақты көмек көрсетеді.

Сонымен бұл біліктілікті арттыру не үшін қажет? «Бақытты отбасы» деген қандай бағдарлама? Осы орайда, сіздерге қарастырылып отырған үлкен жобаның барлығын түсіндіруге және көрсетуге тырысамын.

Мұғалімнің міндеті-білім беру, баладағы жаңа білім алуға деген құштарлықты дамыту, өзін-өзі дамыту жолдарын түсіндіру. Яғни адамның өмірлік жолындағы алғашқы жолсеріктерінің бірі болу. Бірақ біз балаларды жақсы оқытып, оларға терең білім берудің жеткіліксіз екенін түсінеміз.

 Жақсы оқытып қана қоймай, дұрыс тәрбиелеу керек!

Дұрыс тәрбие берілмесе, тіпті өте жақсы меңгерілген білім дұрыс пайдаланылмайды. Дұрыс тәрбиесіз, отбасы мен Отан алдындағы жауапкершілік сезімі жоқ,  еңбексүйгіштікке және өзін-өзі ұстауға дағдыланбаған, үлкен жастағы сандалбайлар мен бос кеуде адамдар өседі.

Мектепте жақсы бағаларға оқыған жастар білім беру мекемесінің табалдырығынан шығып, жұмыс істеуден бас тартып, ішімдікке салынып, заңға қарсы әрекеттер жасап, өз уақытын бекерге өткізіп жүрген қаншама жағдайларға куәміз.

Сондықтан да барлық білім беру мекемелерінде және мектептерде ең алдымен, тәрбие беруге байланысты туындайтын сұрақтарға жіті назар аудару қажет.

 Кімді тәрбиелеуде?

 Әрине, балаларды!

 Бірақ!

 Ата-аналарды да!

Әр баланың басты тәрбиешілері, сөзсіз, ата-анасы, отбасы болып табылады. Тек анасы мен әкесі баланың физикалық және рухани дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Осы үлкен әлемде баланың өзін жалғыз сезінбеуі және өзіне сенімді өсуі үшін махаббат, түсіністік және қолдау атмосферасын жасайтын, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді тірегі оның ата-анасы.

Отбасы қазіргі қоғамдағы отбасы институты бастан кешетін барлық күрделі өзгерістерге қарамастан, адам тұлғасының негізгі бесігі болып қала береді. Отбасында баланың эмоционалды және ерік-жігерлі тұлғасы дамиды, мораль және адамгершілік нормалары меңгеріледі,еңбексүйгіштік, тәртіптілік және жауапкершілік негіздері қалыптасады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы тамыз конференциясында қазақстандық ата-аналарға үндеу жолдады. Ол балаларға ұстаздың еңбегіне деген құрметті тәрбиелеуге шақырды. «Белгілі ұстаз Василий Сухомлинский былай деді: бала — отбасының айнасы, су тамшысында күн бейнеленетіндей, балаларда да анасы мен әкесінің адамгершілік тазалығы көрінеді. Сондықтан балалардың дамуындағы ата-аналардың рөлін асыра бағалау қиын. Біздің балаларымыздың тәрбиесі мен оқуындағы жауапкершілікті балабақшалар мен мектептерге аудара салуға болмайды. Нақ отбасында болашақ тұлға қалыптасады. Барлық ата-аналар осыны ұмытпауы керек, және өз балаларын тәрбиелеудегі ахуалда оқытушылардың еңбегін құрметтеуге де үйретуі керек».

Бірақ барлық ата-аналар сауатты тәрбиені қалай беру керек екендігін біле ме? Баланың дамуына қарай, тәрбие беру барысындағы сөзсіз туындайтын қиындықтармен қалай күресуге болады?

Технологиялық революция, цифрлық технологиялардың жаппай енуі біздің өмірімізге, оқыту мен қарым-қатынас тәсілдеріне үлкен өзгерістер енгізуде, әсіресе қазіргі заманғы әлем жағдайында,  ата – ана болу – бұл өте қиын еңбек.

Осының бәрі ата – аналардың өзін дәрменсіз сезінуіне, және әртүрлі болған жағдайларда бірден қолдарын түсіруіне әкеледі – оларға педагогикалық сауаттылық жетіспейді, олар пайда болған мәселелер бойынша білікті кеңестерді қажет етеді.

Осы орайдағы мәселеде тәрбиелік потенциалды көтеру үшін отбасына әлемдік көмек көрсету жоспары туындайды. Себебі, ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі, жастардың бойында жат қылықтар мен жағымсыз өмірлік ұстанымдардың қалыптасуына, психологиялық ыңғайсыздық пен отбасындағы тұрақсыз эмоцияналдық ахуалдың туындауына алып келуі мүмкін.

Ата-аналарды тәрбиелеу, олардың педагогикалық мәдениет деңгейін арттыру жекелеген отбасылардың жеке ісі болудан тыйылуда, мемлекеттік маңызы бар ауқымға ие болуда.

Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық мәселесінде, сіздер, сынып жетекшілер маңызды буын болып табыласыздар. Сынып жетекшілерімен ата-аналар тығыз байланыста болғандықтан, сынып жетекшілері ата-аналарға үлкен әсер етеді. Тек сынып жетекшілері баланың үлгерімін де, оның мінез-құлқын да біледі – мектепте болуының толық суретін көреді, демек, отбасылық тәрбиенің сапасын арттыруға ықпал ете отырып, ата-аналарды балаларының тәрбиелік күш-жігеріне барынша бағыттай алады.

Қазіргі уақытта сынып жетекшілердің отбасылармен жұмыс мазмұны мынадай аспектілерді қамтуы тиіс: патриоттық тәрбие; рухани-адамгершілік тәрбие, жоғары руханилықты қалыптастыру; төзімділікті, конфессиялық шыдамдылықты тәрбиелеу, біздің көпұлтты мемлекетте бейбітшілік пен келісімде өмір сүре білуді; экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу; экологиялық тәрбие, туған өлкенің, өз елінің табиғи байлықтарына ұқыпты қарау санасын қалыптастыру; еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Отан игілігі үшін жауапты еңбек санасын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру; қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу; туған елдің тарихын, оның мәдениеті мен тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді шешу сынып жетекшілерден оқушылардың отбасыларымен ынтымақтастық орнату бойынша жүйелі жұмысты, сондай-ақ отбасылық тәрбиенің негізгі мәселелері бойынша білімді талап етеді. Білім ата – аналармен жұмыс бойынша іс-шаралардың барлық түрлерін жоғары деңгейде өткізу үшін, ата-аналар жиналысы, конференциялар, дискуссиялық дөңгелек үстелдер, дәрістер, бейне-презентациялар және т.б. қажет.

1 қыркүйек, жаңа оқу жылы жақындап келеді.

Мұғалімдер жазғы демалыстан кейін өз оқушылары және олардың ата-аналарын қарсы алуға дайындалуда. Біреулер оны асыға күтеді, ал біреулер амалсыз.

Бірақ мен Отбасылық Тәрбиелеу Институтының курстарында оқитын сынып жетекшілердің ата-аналар мен мектеп арасында жемісті диалог орнатуға мүмкіндік беретін қуатты құралдарды өз қолдарына алатындығын білемін.

 Өйткені біздің мақсатымыз бір – біздің балаларымызды лайықты және дұрыс тәрбиелеу.

 

С.Л.Евдокимова

«Отбасылық Тәрбиелеу Институты»

Бас директор