Күш – білімде!

Құрметті достар!

Сынып жетекшілердің біліктілігін көтеру мақсатындағы тыңдалымды сәтті аяқтаған біздің бірінші тыңдаушыларымыз үшін қуана отырып, оларды шын жүректен құттықтағымыз келеді.

Лекцияларды толық оқып, барлық тестілеулерден өтіп, практикалық жұмысты өте жақсы және дұрыс орындай отырып, олар лайықты түрде біліктілікті арттыру туралы сертификатка ие болды.

Әр күн сайын біз көптеген пікірлер аламыз. Қазақстанның барлық аймақтарындағы мұғалімдер материалдың берілу деңгейін, қарастырылып отырған тақырыптардың маңыздылығы мен өзектілігін, оқушылар және олардың ата-аналарымен өзара іс-қимылдың практикалық әдістемелерінің пайдалылығын жоғары бағалайды.

Біздің қымбатты ұстаздарымыз, сіздерден осындай шынайы алғыс сөздерді есту мен пікірлерді алу біз үшін үлкен қуаныш.

Оқу жылының басы, қыркүйек, әр сынып жетекші үшін өте маңызды кезең. Жұмысқа қосылу үрдістері, оқушылармен танысу (себебі жазғы демалыс аяқталғаннан кейін, олар бір жылға үлкен, ересек, іштей де, сырттай да өзгеріп отырады), ата-аналармен байланыс орнату және т.б. Осындай үлкен жұмыстың ішінде сіздер жаңа нәрселерді білуге, дана болуға, осындай қажетті және өте маңызды жұмыста жаңа құралды алуға уақыт табатындарыңызға қуаныштымын.

Перефразируя известную фразу, скажу: «Познание нового – маленький шаг для человека, но большой для образования».

Белгілі нақыл сөзді, өз сөзіммен айтар болсам: «Жаңа білім – адам үшін кішкентай, бірақ білім үшін үлкен қадам».

Евдокимова С.Л.