Евдокимова С.Л. «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» Бас директоры.

Құрметті Қазақстан Республикасы мектептерінің педагогтары!

Білім жүйесінің дамуы қоғамдық дамудың заманауи үрдістерімен тығыз байланысты.

Білім дамуының негізге алынатын қағидаттары ашықтық пен үздіксіздік қағидаттары болып табылады.

Қоғамды ақпараттандырудың үздіксіз барысы, қызметтің барлық салаларына жаңа ақпараттық технологияларын енгізу білім саласы қызметкерлерінің білімдерін арттыру жүйесіндегі өзгерістерде көрініс табады.

Білім саласының қызметі қоғам дамуының маңызды компоненті болуда. Өмірдің білім мен әлеуметтік-экономикалық салаларының өспелі, айтарлықтай ақпараттық тоғысулары өтуде.

Бұдан біліктілігі жоғары педагогикалық кадрларды дайындау – Қазақстан білімінің ұлттық жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болатыны туындайды.

Дамушы білім жүйесінің қоғам өмірінде үнемі өзгеріп отыратын жағдайында  оқытушы біліктілігін үздіксіз жоғарылатуға және жетілдіруге дайын болуы тиіс. Ал оқытушы өзінің үздіксіз оқу мен даму қажеттіліктерін жүзеге асыра алатындай жағдайды  қоғам жасауы керек.

Осының барлығы педагогпен жұмыс жасауда жаңа формалар мен тәсілдерді қажет етеді, оқу барысының нәтижелілігі мен білім қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату жүйесін қамтамасыз ететін жаңа білім технологияларын енгізу қажеттілігі туындайды.

Осындай технологиялардың бірі оқушы мен оқытушының орналасқан орындарына қарамастан, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өзара жұмыстарын іске асыратын қашықтықтан оқу болып табылады.

Аймақтық оқытушыларды кадрлық қайта дайындау мен педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің  біліктіліктерін арттыру қажеттілігі жоғары дәрежеде және келешекте тек жоғарылай түседі.

Қашықтықтан оқыту әдісін қолдану қашықтықтағы аймақтарда сапалы білім алуға, негізгі қызметінен алшақтамай оқуға, дене кемістігі бар тұлғаларды оқытуға, білім алушыларға іс-сапарлық шығындарын анағұрлым төмендетуге және т.б. мүмкіндік береді.

 

Құрметті Қазақстан Республикасы мектептерінің педагогтары!

 

2019 жылы Қазақстанның Білім және Ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Отбасылық Тәрбие Институты (Нұр-Сұлтан қ.) сынып жетекшілерді онлайн оқыту лекцияларының курстық бағдарламасын жетілдірді.

Бұл бағдарламаның мақсаты – сізді мектептің оқушының ата-анасымен  өзара қатынасын нәтижелі жоғарылату үшін қажетті біліммен қаруландырады

Болашақта еліміздің гүлденуі үшін, қазақстандық жас ұрпақты жақсы оқытып, оларға терең білім беру ғана мүлде жеткіліксіз.

Тек жақсы оқытып қана емес, дұрыс тәрбиелеу қажет! Дұрыс тәрбиесіз ең жақсы меңгерілген білім де дұрыс қолданылмайды.

Дәл сол себепті барлық білім беру мекемелерінде, және ең алдымен мектептерде тәрбие мәселелерін қатаң қадағалау қажет.

XXI ғасырда Қазақстанды мықты, өркендеуші мемлекет жасай алатын азаматтардың ұрпағы жан-жақты тәрбиеленген, позитивті шығармашыл дүниетанымы бар, өнегелік қағидалары мықты, жауапкершілік сезімі бар, саналы таңдау жасай алатын қабілеті бар және Отанына, өзіне, өз отбасына және алдыңғы буын өкілдеріне деген игілігіне бағытталған шешімдерді өз бетімен қабылдай алатын болуы тиіс.

Әр баланың басты тәрбиелеушілері оның ата-анасы мен отбасы болып табылатыны сөзсіз.

Баланың дене және рухани дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етуші тек оның  анасы мен әкесі. Отбасы адамның тұлғалық тал бесігі болып қалады, баланың тұлғасында эмоциялық жағдайы және еркі дамиды, үлгі-өнегелік ережелері дағдыланады, еңбекқорлыққа баулиды, тәртіп және жауапкершіліктің негіздері отбасы аясында сіңіріледі.

Ана мен әке болу – бұл өте күрделі еңбек, көбінесе ата-ана өздерін дәрменсіз сезінеді және тартынады – оларға педагогикалық сауаттылық жетіспейді, олар кездесетін мәселелер бойынша білікті кеңестерге мұқтаж.

Осы кезде отбасындағы ата-ананың педагогикадан хабарсыздығы, психологиялық жағдайсыздық және тұрақсыз эмоциялы атмосферасы жастарда бірегейсіз және теріс өмірлік ұстанымның қалыптасуына әкеліп соғатын тәрбиелік әлеуетін жоғарылату мақсатында отбасыға бүкіләлемдік көмек беру міндеті алдыңғы жоспарға шығады.

Ата-аналарды тәрбиелеу, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарылату жеке отбасылардың жеке мәселесі емес, мәні мемлекеттік деңгейге ие болады.

Отбасының мектеппен ынтымақтастық мәселесіндегі маңызды тұлға сынып жетекшілер болып табылады.

Ата-аналар сынып жетекшілермен тығыз байланыста болатындықтан, дәл сынып жетекшілер ата-аналарға зор ықпал етеді.

Дәл сынып жетекшілер баланың мектепте жүргендегі толық көрінісін көреді – үлгерімін, тәртібін біледі – демек, отбасы тәрбиесінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік жасай отырып, ата-аналардың күш сала тәрбиелеуін оңтайлы бағыттайды.

Бұл мәселелерді шешу сынып жетекшілерден оқушылардың отбасыларымен, ынтымақтастық орнату бойынша, сондай-ақ отбасылық тәрбие берудің негізгі мәселелері туралы білімдерін мұқият, бірізді меңгеруін талап етеді. Білім ата-аналармен жұмыс бойынша іс-шараларды өткізудің барлық түрлерін – ата-аналар жиналысы, конференциялар, дөңгелек үстелдегі пікірталас, лекциялар, бейне-таныстырылым және т.б. жұмыстарды жоғары деңгейде өткізу үшін қажет.

Отбасылық Тәрбиелеу Институты ұсынған бағдарлама ата-аналармен және оқушылармен жұмыс жасауда қолданылатын оқыту аспектілерінің көпшілігін қамтиды, тәжірибеге бағытталған болады және нақты әдістерден тұрады.

Бағдарлама бойынша оқыту білім беру мамандарын сапалы дайындауға ықпал етеді, ата-аналармен жұмыс жасауда сенімділікті жоғарылатады, тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін түрлендіреді, тәрбиелеу мәселелерінде оқушылардың ата-аналарының білімін жоғарылатады.

 

Евдокимова С.Л.

«Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» Бас директоры.